Жаңалықтар

Тамара Дүйсенова: Дін мәселесі – өте нәзік мәселе

Тамара Дүйсенова: Дін мәселесі – өте нәзік мәселе
Фото: t.me/KZgovernment 11.10.2023 14:00 1050

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәжіліс отырысынан кейінгі кулуарда еліміздегі жат ағымдарға қарсы күрес жөніндегі пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Дін мәселесі – өте нәзік мәселе. Біріншіден, ол әр адамның өзінің танымы. Сондықтан да біздің негізгі мәселеміз діни бірлестіктеріміздің жұмысын мемлекеттік реттеу. Азаматтың діни танымын емес. Діни бірлестіктердің жұмысын реттеу бойынша қазір теологтармен, діни бірлестіктердің өкілдерімен кездескенде 3 мәселені көтерді. Бірінші мәселе – әлеуметтік желілердегі, әсіресе шетелдік контенттерге қауқарсыздығымыз, әртүрлі діндерді уағыздау, әртүрлі бағыттарды уағыздау мәселесінде бірге жұмыс істеу жөнінде айтты. Екінші – қоғамдағы діни сауаттылықты көтеру жөнінде айтты. Содан кейін мемлекеттік органдардың жалпы діни бірлестіктерді реттеу бойынша әлі де олқылық жұмыстары бар екенін айтты. Сондықтан осы 3 тараптан да діни бірлестіктердің өкілдері, теологтар және депутаттардың ұсыныстарын бірлесе отырып, Мәдениет және ақпарат министрлігі өздерінің пікірлерін сіздерге жеткізетін болады, - деді Дүйсенова. 

Бұған дейін Тамара Дүйсенова мәжілістің жалпы отырысында жат ағымдармен күрес жөніндегі депутаттың сауалына жауап берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға