Жаңалықтар

Тамара Асар алғаш рет күйеуі туралы шындықты айтты

Тамара Асар алғаш рет күйеуі туралы шындықты айтты
Фото: youtube.com/@QazaqstanTV 28.10.2024 21:10 1386

Өнер иесі «Әйел әлемі» бағдарламасына берген сұхбатында жолдасымен қалай танысқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші күйеуін көрген соң араға бір апта салып тұрмысқа шыққанын алға тартты.

Осы күнге дейін ұлым үшін ғана өмір сүрдім. Барлық жетістігімді соған арнадым. Бір күні қатты шаршадым. Концерттен-концерт болып кетті. Қонақ үйге келіп, «Құдай, маған күйеу берші» дедім. Соны тілеп жатып, ұйықтап кеттім. Ондай дұға жасағанымды да ұмытып қалғанмын. Күйеуімді тура бір аптадан кейін жолықтырдым. «Мына әйелге үйленемін» деп мені көрсетіп, айтып бара жатты. Мен естіп тұрдым. Тура сол сөзден кейін жеті күнде тұрмысқа шығып кеттім. Маған «бір фирмада дәнекерлеушімін» деді. Мен соған сендім. Танымал әнші бола тұра, «сварщикке» тұрмысқа шықтым. Сөйтсем, өндірісті басқаратын бастық екен, – деді әнші.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға