Жаңалықтар

Тамақ жеп отырып смартфон қарасаңыз, созылмалы ауруларға бейім боласыз

Тамақ жеп отырып смартфон қарасаңыз, созылмалы ауруларға бейім боласыз
Фото: © iStock 15.05.2023 13:00 1587

Смартфонды қасыңызда үнемі алып жүрсеңіз түрлі созылмалы ауруларға бейім боласыз. Қатты семірмей, тым арықтап кетпей өз денесін бірқалыпты ұстаудың жолы көп. Солардың бірі - қантты тұтынуды азайту. Диетолог әрі нутрициолог Арай Әміре не себепті дастархан басында смартофон ұстауға болмайтынын және әр адам неге қантты жеуді шектеу керегін түсіндірді, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

El.kz: Қазір көп таралған әдеттің бірі тамақтанып отырып гаджет қарау. Бұл кезде асқазан мен ми жұмысында өзгеріс болатыны анық. Оның салдары туралы айтып берсеңіз? Ұзақ уақыт бойы солай жеген адам семіздікке не басқа да ауруға ұшырауы мүмкін бе?

Арай Әміре:  Қазіргі таңда смартфон адамдардың өмірінде ажырамастай орын алады. Алкоголь ішу, шылым тарту және одан басқа зиянды әдеттерден бөлек, қазір көбі смартфонды өзімен бірге алып жүреді, қасына қойып тамақтанады. Ғалымдар ұялы телефонын үнемі жанында ұстап жүретін адамдарға қатысты зерттеу жасаған. Телефонды қалтасында, жанында ұстап жүретін адамдардың ағзасы түрлі созылмалы ауруларға бейім болатыны анықталған. Соның ішінде «ақ қан» ауру бар. Қазіргі таңда ол дерт белең алып келеді. Бұдан көретініміз, емделуі ұзақ аурулар – интернет пен смартфоннан пайда болып отыр. Сонымен бірге біз гаджетті көріп отырған кезде ми өз жұмысын төмендетеді. Соның салдарынан адамның ағзасындағы метоболизм төмендейді. Метоболизм – тамақты қорыту процесі. Яғни егер тамақтанып отырған кезде назарымыз телефонда болса, ағзамыз тамақ қорытуын екі есе баяулатады. Мұның салдарынан біздің жеген тамақтарымыз бірден майға айналады. Екіншіден, гаджет, телевизор тіпті кітап оқып отырып та тамақ жегенде мидағы гипоталамуста дәм сезуін тоқтатады, адам өзінің тойған тоймағанын білмейді. Салдарынан адам екі есе көп тамақтанады. Бұдан шығатын қорытынды - гаджетке қарап отырып жеген тамағымызды ағзамыз қабылдамайды. Ол ми мен асқазан жұмысына кері әсерін тигізеді. Бұлай тамақтануды әдетке айналдырсақ, сағат сайын өзімізді үнемі аш сезініп, тамақты жиі тұтына береміз.

Тамақ жеп отырып смартфон қарасаңыз, созылмалы ауруларға бейім боласыз

El.kz: Мұның балаларға әсер қандай?

Арай Әміре:  Қазіргі таңда ата-аналар балаларына әлеуметтік желіден мультфильм қосып беріп тамақтандырып отырады. Бұл – бала өміріне қауіп. Біріншіден, көзінің көруі нашарлауы мүмкін. Екіншіден, жастайынан асқортуы бұзылады. Мұндай балалар кішкентай кезінен түрлі ауруларға тап болуы мүмкін. Метоболизм жұмысы бала кезінен нашарлағаннан соң бала есейе келе семіздікке бейім болады. Соңы гормондық өзгерістерге алып келеді.

El.kz: Әлеуметтік желіде қант тұтынудан бас тартатын челлендждер көбейді. Әсіресе, ер адамға аса қажет деп жатады. Сіздің ойыңызша мұндай өзгеріс адам ағзасына жаға ма?

Арай Әміре:  Бүгінгі таңда бүкіл азық-түлік түрлерінің құрамында қант бар. Қант десе көбі шайға қосатын ақ қант туралы айтады. Бірақ қант біз ойлағаннан көп. Мәселен, 250 мг кока-колада 5 қасық қант болады. Біздің жеп жүрген бір бөлке нанның өзінде 2 қасықтай қант бар. Сондықтан қазіргі таңда тері аурулары көбейіп кетті. Біріншіден, қант ішектің жұмысын бұзады. Қантты көп тұтыну ішектегі құртты көбейтеді. Екіншіден, қант – 21 ғасырдың наркотигі. Ол адамды уақыт өте келе тәуелді қылады. Сол себепті әлеуметтік желіде кең таралған челлендждерді құптаймын.

Фруктоза – табиғи қант. Ол бүкіл жеміс-жидектердің құрамында кездеседі. Алайда, арықтаймын деп фруктозадан бас тартқан дұрыс емес. Себебі, фруктозаның құрамындағы табиғи қант адам миының дұрыс жұмыс істеуіне, оның энергетиясының көп болуына септігін тигізеді. Сондықтан біз өндірілген қанттардан (нан, тоқаш, торт және т.б) бас тартуымыз керек.

Қанттан, әсіресе, ер адамдар бас тартуы қажет. Себебі, көп тұтынса ер адамда артық салмақ пайда болады. Мұның салдарынан ерлерде бөлінетін тестостерон гормонының орнына әйел адамның эстроген гормоны көбірек бөлінеді. Ал ер адамда эстроген гормоны көбейсе, оның қарыны шығып, денесі босайды. Депрессия мен ашуға бейім болады.

El.kz: Адам дене бітімін сымбатты сақтау үшін не істеу керек? Қандай қағидаларды ұстауға кеңес бересіз?

Арай Әміре:  Адам денесі бірқалыпты болуы үшін оны жас кезінен бастау керек. Байқайтыным, қазақ отбасыларда балаларға ас көктерді көп бере бермейді. Дастарханнан сәбіз, орамжапырақ және брокколи секілді көкөністерді көре бермейміз. Әр бір үйге барып қарасақ, нан, тоқаш нешетүрлі тәттілер толып тұрады. Оның орнына балаларға табиғи көкеністерді беріп үйретуіміз керек. Біздің рационымызды 70 пайызы көкеністер және 30 пайызы ақуыздардан тұруы қажет. Тәтті тағамдар тек 10 пайызын құрауы тиіс. Сонымен қатар әр адам күніне 5-10 мың қадам жасауды әдеткен айналдырғаны дұрыс. Егерде біз осындай қарапайым қағидаттарды сақтайтын болсақ, ешқандай артық салмақ қоспаймыз.

El.kz: Қай уақытта ұйықтаған дұрыс?

Арай Әміре:  Ұйқыға аса мән беруі керек. Әрбір горманның қосылып, өшетін уақыты болады. Оны біз биологиялық сағат деп атаймыз. Мысалы сағат түңгі 22:00-00:02 арасында соматотроптық гормон бөлінеді. Ол гормон баланың өсуіне мүмкіндік жасайды, ал 25 жастан асқан адамдардың жасаруына әсер етеді. Жасару – күнделікті жеген тамағымыз, тыныстаған ауамыз. Яғни 22:00 - 00:02 аралығындағы ұйқы кезінде ағзаға түскен заттарды реттеу процесі жүреді. Әр адам осы режимді ұстаса организмі тазарады.

El.kz: Уақыт беріп, сұхбат бергеніңізге рахмет!  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға