Жаңалықтар

Талғат Жорабаев Сәбит Әбдіхалықовпен қарым-қатынасы туралы айтты

Талғат Жорабаев Сәбит Әбдіхалықовпен қарым-қатынасы туралы айтты
Фото: Коллаж El.kz 10.03.2024 18:21 1535

Әнші Талғат Жорабаев "Менің өмірім" бағдарламасында әпкесінің бұрынғы жұбайы Сәбит Әбдіхалықовпен арақатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның сөзінше, бұрынғы жездесіне тек амандық тілейді.

Көрген жерде амандасып тұрамыз. Аман болсын дейміз, сырқатынан айығып кетсін дейміз. Әрқашан да айтып отырамын ғой, жиендерімнің әкесі. Өмірімнен алып тастаймын, өшіріп тастаймын дегенмен әкесі болып қалады. Одан ешқайда қашып құтыла алмайсың. Өйткені Алла тағала әпкемнің тағдырына жазды. Солай жазулы күйінде қалды. Ешкімге жамандық тілейтін адам емеспіз. Барынша аман болсын, ешқашан ауырмасын, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін де ол әпкесі Алтынай Жорабаева қыздарына әкесімен араласуға тыйым салмағанын әңгімелеген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға