ҚР дзюдо федерациясы

Талғат Орынбасар дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

Дзюдошы Талғат Орынбасар Астанада өтіп жатқан Grand Slam сериясындағы турнирде күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды. Финалда қазақстандық спортшы ресейлік Изнаур Сааевқа жол берді.

Бүгін 60 келіде дзюдодан Қазақстан құрамасының спортшылары Мағжан Шамшадин мен Аман Бақытжан да Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдегерлері атанды. Екі спортшы да 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды

Шамшадин франциялық Энцо Джиннен басым түсті.  Ал Бақытжан әлем чемпионатының жүлдегері, оңтүстіккореялық Харим Лиден жеңісті жұлып алды.