Талғат Ғазизов «Қазпоштаның» басқарушы директоры болды
07.02.2024 19:12
Фото:
«Қазпошта» АҚ
Талғат Ғазизов «Қазпошта» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Талғат Ғазизовтың бұрынғы лауазымы ‐ «Қазпошта» АҚ филиалы директорының орынбасары.
Талғат Ғазизов жоғары білімді, University of Miami-ді PR мамандығы бойынша сәтті бітірген. Халықаралық қатынастар магистрі.
Мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік құрылымдарда жұмыс тәжірибесі мол.

