Талғардағы қайғылы оқиға: "боттар шабуылы" жалған болып шықты
Үкіметтің сейсенбідегі брифингінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Талғардағы қайғылы жағдай кезінде TikTok әлеуметтік желісінде боттар белсенділігі артты деген мәліметке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, платформалардың өзі ботофермалармен күреседі.
Бұл компаниялардың өздері ботофермаларға тыйым салатынын көрсетеді. Егер жасанды интеллекті боттарды анықтаса, бұл аккаунттарды автоматты түрде бұғаттайды. Біз бұл туралы олармен үнемі талқылаймыз және олар мұны растайды. TSARKA ісін TikTok-тың аймақтық директорымен талқыладым. Олар боттар ұясы болып көрінген аккаунттар бір-бірімен байланысты емес екенін айтты. Олар боттар бірге әрекет етті деген мәліметті растамады. TikTok-тың нақты дәлелі менде бар, – деді Мәдиев.
Айта кетейік, 15 желтоқсанда TSARKA кибершабуылдарды зерттеу орталығы желіде Талғардағы қайғылы оқиғаға байланысты шектен тыс белсенділік байқалғанын хабарлады. Митинг туралы видео енді ашылған парақшада 850 000-ға жуық қаралды.