Жаңалықтар

Талғардағы кісі өлімі. Мәжіліс депутаты оқиғаға қатысты пікір білдірді

Талғардағы кісі өлімі. Мәжіліс депутаты оқиғаға қатысты пікір білдірді
Фото: Әлеуметтік желі 08.10.2024 17:18 907

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Талғарда қайтыс болған 16 жасар баланың өліміне қатысты пікірін жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Талғардағы оқиғаға қатысты бір-екі ауыз пікір білдірген дұрыс деп санаймын. Ең алдымен жас баланың өліміне әкелген оқиғаның барлық қатысушысы анықталуы керек. Ақпарат БАҚ өкілдеріне ашық берілсін. Жасыратын не бар? Тергеу жұмыстары жалғаса берер, ол түсінікті. Баланың туыстарының сөзіне қарағанда, қылмысқа қатысқан адам саны әлдеқайда көп,- деді Айдарбек Қожаназаров.

Сондай-ақ, ол кінәлілер түгел қатаң түрде жазалану керектігін жеткізді.

Бұл оқиғада бір емес, бірнеше қылмыс түрі анық көрініс тапқан. Сол түні адам өлтірген жігіттердің жанында қыздар да бірге жүрген. Егер осы рас болса, егер олар қамауда отырса, ол ақпарат та елге ашық айтылсын. Шерзаттың әкесі айтқандай, дүкенде жұмыс істеп тұрған камерадағы материал өшіп кеткен. Бұл жағдайға қатысы бар адамдар да анықталуы керек. Мансабы мен атақ-беделіне қарамастан кез келген азамат заң алдында бірдей!,- деп жазды депутат.

Халық қалаулысы жазба соңында жас баланың отбасына, туған-туысына көңіл айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға