Алматы облысының әкімдігі

Талғарда жаңа әкім сайланды

Алматы облысында Талғар әкімін сайлау нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 42 774 азамат енгізілген екен. Дауыс беруге – 12 875 сайлаушы қатысты. Оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 24 қатысқаны белгілі болып отыр

Әкім сайлауына тіркелген үмтікерлердің саны үш адамды құрады. Талғар әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:

  • Абилхаирұлы Арыстанбек - сайлаушылардың 9071 дауыс берді.
  • Каденов Жанибек Жанбулатулы - сайлаушылардың 1875 дауыс берді.
  • Рамазанов Әлібек Ғайсаұлы - сайлаушылардың 1140 дауыс берді.
  • "Барлығына қарсы" белгісі бар бюллетеньдер саны - 182.

"Сайлау қорытындыларымен Талғар қаласының әкімі болып: Абилхаирұлы Арыстанбек сайланды, 1983 жылы туған, "Талғар тұрғын үй" ЖШС -нің директоры, Талғар қаласының тұрғыны", - деп жазылған хабарламада.