Жаңалықтар

Талғарда қаза тапқан Шерзаттың үйі өртеніп кетті

Талғарда қаза тапқан Шерзаттың үйі өртеніп кетті
Фото: Видеодан кадр 12.10.2024 09:05 231

Бүгін түнде Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзаттың үйі өртеніп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түнде маған жәбірленушілердің туыстары қоңырау шалып, Талғарда өлтірілген 16 жасар Шерзаттың ісі жәбірленушілеріміздің үйі өртеніп жатқандығы туралы хабарлады, - деп жазды Саида Тәукелева.

Оқиға туралы Алматы облыстық полиция департаменті түсінік берді. 

12 қазанға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы үйлердің бірінде өрт болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынуда, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары мен оған әкелуі мүмкін себептері анықталуда. Келіп түскен арызға сәйкес 4 қазанға қараған түні Талғар ауданында қаза тапқан кәмелетке толмаған баланың отбасы күзетпен қамтамасыз етілген. Отбасының тұрғылықты жері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің тарапынан тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға