Талғарда бір топ жігіт төбелесіп, бір адам қаза тапты
04.10.2024 23:24
Фото:
El.kz/Арман МҰХАТОВ
4 қазанға қараған түні Алматы облысының Талғар қаласында бір адам қаза болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысының полиция департаменті жігіттер арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқанын мәлімдеді.
Салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жатқызылған, олардың біреуі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде көз жұмды. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелес шығарғандардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.
Қылмыстық істі тергеу барысын облыстық полиция басшысы өз бақылауына алған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

