Жаңалықтар

Талдықорғандық екі азамат бірнеше көлікке ұрлыққа түсті деген күдікпен ұсталды

Талдықорғандық екі азамат бірнеше көлікке ұрлыққа түсті деген күдікпен ұсталды
Фото: © El.kz 15.08.2023 17:39 825

Талдықорғандық екі азамат бірнеше көліктен ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Шілде айының басында Талдықорған полициясына тұрғындардан көліктен ұрлық жасаған белгісіз адамдарға шара қолдануды талап еткен арыздар түсе бастады.

Ұрлық көбінесе сигнализация орнатылмаған көліктерде жасалған. Автокөлік салонынан телефондар, банк карталары, қолма-қол ақша және түрлі құрал-жабдықтар ұрланған. Полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 19 және 20 жастағы жергілікті екі тұрғынды анықтап, ұстады.

Күдіктілердің бірі банк картасын пайдалануды ұйғарып, полицияның назарына ілікті. Ұсталғандар көліктен ұрлық жасаудың бес эпизодына қатысы бар деген күдікке ілінді. ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендерге келтірілген шығын шамамен жарты миллион теңгені құрады, – деді Талдықорған қаласының полициясы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға