Талдықорғандық ана өз балаларына қорлық көрсеткен
Фото: © iStock
Фото: © iStock
17.01.2024 09:30
786
Талдықорғанда анасы өз балаларына қорлық көрсетіп келгені анықталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Бастеев мәлімдеуінше, анасы мен екі баласы антисанитарлық жағдайда және толық бейберекеттікте өмір сүрген, ал әйел алкогольдік ішімдікті жиі пайдаланатынын және балаларды қорлағанын жоққа шығармады. Тіпті, аязды күндері сарайға қамап қойған.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілдігі бастамасымен комиссия құрылып, отбасының тұрмыс жағдайы қаралды.
Қамқоршылық органдары Жетісу өңірі бойынша өкілдіктің бастамасымен сотқа әйелді ата-аналық құқығынан айыру туралы талап-арызбен жүгінді. Қазіргі уақытта іс қаралып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бурабайда екі қабатты монша өртенді