Талдықорғандық 18 жастағы жігіт әкесін өлтірген
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
07.02.2023 14:42
1027
6 ақпан күні Көктал шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 50 жастағы ер адамның денесі табылған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Белгілі болғандай, әкесімен сөзге келіп қалған ұлы ас үй табасымен әкесін ұрып өлтірген.
ҚР ҚК-нің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркелді.
Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес күдікті ұсталды және УҰИ-на қамауға алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық инфлюенсерлер Nickelodeon сыйлығына үміткер атанды