Жаңалықтар

Талдықорғандағы жемқорлық. Антикор жаңа мәлімет жариялады

Талдықорғандағы жемқорлық. Антикор жаңа мәлімет жариялады
Фото: Видеодан кадр 27.04.2023 09:23 957

Антикор Жетісу облысының білім беру жүйесіндегі ірі жымқыру ісіне қатысты жаңа мәлімет берді, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Ол білім бөлімінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерін жасырғаны үшін қарамағындағы қызметкерлерден 280 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды, - делінген хабарламада.
Антикор пара берген адамдар бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау туралы іс бойынша негізгі айыпталушылар екенін атап өтіп, олардың сот санкциясымен қамауда отырғанын мәлім етті.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті үкімді сот шығаратын болады.

Айта кетсек, Талдықорған қалалық білім бөлімінің бухгалтері 2 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Бас есепшімен бірге оның орынбасары және бірнеше қызметкер қамауға алынды. Олар бірнеше жылдан бері білім саласында жұмыс істемейтін адамдарға ақша аударып жүрген.

 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға