©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ

Талдықорғанда жүк көлігі қағып кеткен жігіт аман қалды

07.10.2024 17:53

Талдықорғанда жүк көлігі жиырма жасар жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салдарынан жас жігіт жүк көлігінің астында қалып, өздігінен шыға алмаған.

ТЖМ баспаасөз қызметінің мәліметінше, жігіт ама-есен құтқарылды.

Оқиға орнына жедел барған құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен ер адамды абайлап шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырды, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Құтқарушылардың жылдам әрі кәсіби әрекетінің арқасында апаттың салдарын барынша азайтуға мүмкіндік туды.