Талдықорғанда жас отбасы көлікте газдан уланып көз жұмды
09.10.2023 12:48
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Талдықорғанда көліктен екі жастың денесі табылды, олар газға уланып көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде жер үйлердің бірінің гаражынан жас жігіт пен қыздың мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады. Пост авторының айтуынша, олар от алып тұрған көлікте ұйықтап қалған. Полиция бұл фактіні растады.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға қағылы жағдай ретінде тіркелді. Алдын ала болжам бойынша жастар улы газ салдарынан көз жұмған. Қазіргі күні оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

