Талдықорғанда төрт жасар бала бассейнге батып кетті
02.08.2023 12:19
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Талдықорған қаласындағы бассейндердің бірінде 4 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың 1 тамызында Талдықорған қалалық жедел жәрдем бригадасына Талдықорғандағы отбасылық демалыс орталықтарының біріндегі бассейнге баланың батып кеткені туралы қоңырау келіп түскен.
Оқи отырыңыз:
- Шымкенттік тұрғын 18 жерге есірткі қойған адамды ұстап, полицияға хабарласқан
- Орыс тілінде ән айтпаймын: әнші Тамара Гвердцителидің басы дауға қалды
Шақыру орнына жеткенде ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала бассейнге құлап, суға батып кеткені анықталды. Жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, өкінішке қарай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.
Қазіргі таңда Талдықорған қалалық ІІБ қызметкерлерімен тергеу шаралары жүргізілуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

