Жаңалықтар

Талдықорғанда тігін фабрикасының 70 қызметкері ұжым болып дауыс берді

Талдықорғанда тігін фабрикасының 70 қызметкері ұжым болып дауыс берді
Фото: Жетісу облыстық әкімдігі 06.10.2024 14:50 421

Қаламыздағы №402 дауыс беру учаскесіне келіп жатқан адамның қарасы көп. Солардың қатарында белсенділік танытып, дауыс беруге ұжыммен ұйымдаса келген мекемелер де болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облыстық әкімдігінің мәліметінше, сондай ұжымдардың бірі «Айсұлу» ЖШС тігін фабрикасының 70 қызметкері дауыс беруге қатысқан.

Қазіргі уақытта фабрикада жұмыс қызу, алайда қауырт жұмысқа қарамастан ел ертеңі үшін таңдау жасау барлығымыздың азаматтық борышымыз, - деп білетін ұжым дауыс беру учаскесінде өз таңдауларын жасады.

Айта кетейік, жалпы халықтық референдумда қаламыздың барлық кәсіпорын ұжымдары да дауыс беруде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға