Талдықорғанда тігін фабрикасының 70 қызметкері дауыс берді
Фото: Талдықорған әкімдігі
Фото: Талдықорған әкімдігі
06.10.2024 08:54
329
Қаламыздағы №402 дауыс беру учаскесіне келіп жатқан адамның қарасы көп. Солардың қатарында белсенділік танытып, дауыс беруге ұжыммен ұйымдаса келген мекемелер де болды. Солардың бірі «Айсұлу» ЖШС тігін фабрикасының ұжымы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта фабрикада жұмыс қызу, алайда қауырт жұмысқа қарамастан ел ертеңі үшін таңдау жасау барлығымыздың азаматтық борышымыз, - деп дауыс беру учаскесіне ұжыммен келіп, өз таңдауларын жасады.
Айта кетейік, жалпы халықтық референдумда қаламыздың барлық кәсіпорын ұжымдары да дауыс беріп, таңдауларын жасап жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға