Талдықорғанда өзен жағасынан қару-жарақ салынған қап табылды
11.08.2023 20:24
Фото:
© Polisia.kz
Талдықорғанда өзен жағасынан қару-жарақ салынған қап табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қару-жарақ сақталған жасырын орын облыстық Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырған арнайы іс-шаралар барысында анықталды. Кенеп қапта 2022 жылы қаңтардағы оқиғалар кезінде ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер мен арнайы құралдар болды.
5,6 мм калибрлі Марголин тапаншасы, сыңар ауызды шолақ мылтық, әртүрлі калибрлі 60 патрон, оқ өтпейтін кеудеше және рация тәркіленді. Бұл қару-жарақ пен арнайы құралдар ұрланған деп саналады, - деді Жетісу облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Болат Болысбеков.
Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

