Талдықорғанда екі кісіні аса қатыгездікпен өлтірген күдіктіге іздеу салынды
Мөлдір Қайнар тілші
Талыдқорғанда екі адамды қатыгездікпен өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды,деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облыстық полиция департаментінің таратқан ақпаратына сүйенсек, күдікті күдікті 1980 жылы туған. Аты-жөні – Игорь Балан.
Ер адам 5 қаңтарда Талдықорған қаласында тіркелген аса ауыр қылмыс (кісі өлтіру) жасады деген күдікке ілінді, - делінген полиция хабарламасында.
Ерекшеліктері мойынның сол жағында «сарышаян» түріндегі татуировкасы бар, бір саусағы жоқ.

Облыстық ПД іздеудегі адамның қайда екені туралы мәлімет білетін кез келген адамнан (8-7282) 60-80-66 немесе «102» телефондары арқылы дереу полицияға хабарласуын сұрайды.

