Талдықорғанда белгісіз ер адам ауладағы көлікке бензин шашып, өртеп жіберген
Мөлдір Қайнар тілші
Талдықорғанда белгісіз біреу аулада тұрған көліктің біріне бензин шашып, өртеп жібрген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 22 сәуірге қараған түні болған. Облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Талдықорған қаласының жедел уәкілдерімен бірлесіп көлікті өртеген бұрын сотталған 49 жастағы ер адамды ұстады, – деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Ельдар Абдикенов.
Ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

