Қорғаныс министрлігі

Талдықорғанда әскери қызметші қаза тапты

15.08.2023 17:20

Талдықорған авиациялық базасында әскери қызметші көз жұмды. Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілердің өздігінен қозғалып кетуі орын алды. Соның салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде, - делінген ақпаратта.

Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.

Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.