Жаңалықтар

Талдықорғанда алаяқтар тобына үкім шықты

Талдықорғанда алаяқтар тобына үкім шықты
Фото: © El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 11.08.2023 10:09 1103

Талдықорғанда 11 қылмысқа қатысы бар алаяқтар тобына сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, Жетісу полицейлері Талдықорғанда 11 қылмысқа қатыстылығы дәлелденген алаяқтар тобына байланысты тергеуді аяқтады. Келтірілген шығын 53 млн теңгеден астам соманы құрады.

Топтың құрамына соңғы бірнеше жыл бірлесіп алаяқтықпен айналысқан 34-49 жас арасындағы төрт әйел кірген. Айыптау қорытындысына сәйкес, қылмыстық топтың іс-әрекеті жақсы ұйымдастырылған, олар негізінен қала тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесуге, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешуге жәрдемдесуге уәде берген, - делінген мәліметте.

Атқарылған жұмыс үшін алаяқтар шетелдік және ұлттық валютамен, аударым арқылы және қолма-қол сыйақы алған. Бір жағдайда олар тіпті тірі мал алуға келіскен. Тергеу амалдары бірнеше айға созылып, нәтижесінде 4 күдікті де сотталушылар орындығына отырды.

Сот айыпталушылардың әрқайсысында жас балалардың болуын және жасаған қылмыстарын мойындап, өкінетіндігін, сондай-ақ жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық қалпына келтіргендігін ескерді.

Сот үкімімен сотталушылардың біреуіне шартты түрде 4 жыл бас бостандығынан айыру, ал қалған үшеуіне 3,5 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға