Талдықорғанда 18 сарбаз ауруханаға түсіп қалды
12.10.2024 19:42
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Талдықорғанда 18 сарбаз әскери госпитальға жатқызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
18/404 әскери бөліміндегі жауынгерлерге суық тиген. Жуырда шақырылған 17 сарбаз әскери госпитальда ем алып жатса, тағы біреуі Талдықорған қаласындағы көпсалалы ауруханасына жатқызылған. Оған пневмония диагнозы қойылды.
Дәрігерлердің айтуынша, сарбаздардың жағдайы тұрақты.

