Жаңалықтар

Талдықорғанда 10 млрд теңгеге онкологиялық орталық салынады

Талдықорғанда 10 млрд теңгеге онкологиялық орталық салынады
Фото: pixabay.com 25.07.2024 15:50 446

Талдықорған қаласында салынатын онкологиялық диспансердің жобасы дайын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құны 10 млрд теңге болатын әлеуметтік жобаны «Kazakhmys Holding» компаниясы іске асырады.

Маусым айында облыс әкімдігі, денсаулық сақтау министрлігі, «Kazakhmys Holding» инвестор-компаниясы Талдықорғанда онкологиялық орталық салу туралы үш жақты меморандумға қол қойған. Инвестор өз қаржысына орталық ғимаратын тұрғызады, денсаулық сақтау министрлігі заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етеді, ал әкімдік өз тарапынан инженерлік коммуникациялық желілерін жүргізеді және ішінара құрал-жабдықтар алуға қолдау көрсетеді деп жоспарланып отыр.

Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров жаңа орталықта пациенттерді емдеу және диагностикалаудың жаңа тәсілдері қолданылатынын айтты. Емдеу барысында сызықтық үдеткіш, химиотерапияны емдеу әдістерін пайдаланатын интервенциялық хирургия қолданылады. Одан басқа, скрининг орталығы, гематология, оңалту, клиника фармакология бөлімшелері ашылып, радиология, химиотерапия, маммогинекология бөлімшелері жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға