Талдықорған тұрғыны Қасым-Жомарт дауыс берді
Фото: instagram.com/rsk_zhetysu
Фото: instagram.com/rsk_zhetysu
06.10.2024 08:16
273
Талдықорғанда тұңғыш рет ҚР Президентінің атымен аттас 18 жастағы қала тұрғыны Қасым-Жомарт өз таңдауын жасап, №396 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі референдумда мен ел болашағы үшін алғаш рет таңдауымды жасадым. Бұл мен үшін маңызды қадам. Еліміздің болашағы жарқын болуына өз үлесімді қосуға дайынмын, - деді Қасым-Жомарт.
Айта кетейік, бүгін Республикалық референдум күнінде алғаш рет дауыс беріп жатқан 2000-нан аса сайлаушы бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға