Талдықорған маңында жол апатынан екі адам көз жұмды
19.06.2023 17:55
Фото:
t.me/POLICE_of_KZ
Талдықорған-Үштөбе айналма жолында Mitsubishi Pajero автокөлігі КамАЗ жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, Mitsubishi Pajero-ны 32 жастағы ер адам басқарған. Ол жолаушысымен бірге оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ 34 жастағы әйел түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жатқызылды.
Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

