Талдыкөлде құрғақ шөп пен қалың қамыс өрті сөндірілді
20.07.2024 02:27
Фото:
©El.kz/Арман МУХАТОВ
Астанада Талдыкөл аумағында отқа оранған құрғақ шөп пен қамыс өрті толықтай сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі өрт аумағы 1500 ш.м. алаңды қамтығанын атады.
Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі әлі де анықталып жатыр. Өртті жоюға ТЖМ күштер мен құралдарының жеке құрамынан 33 адам мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды, - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Қазір қарауылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

