Жаңалықтар

Талдықорғанда Бірлік күніне флешмоб ұйымдастырылды

Қазақстан халқының бірлігі күні
19.05.2016 04:29 3896

Алматы облысынында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай флешмоб өткізілді. Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында түрлі диаспора өкілдері мен жастар «Қара жорға» биін билеп, мерекені көңілді өткізді.

Мерекені этномәдени бірлестіктер жалғастырып, халықтық өнер түрлерінен көрме ұйымдастырды. Би ұжымдары «Достық сюитасын» орындады.

Талдықорғанда Бірлік күніне флешмоб ұйымдастырылды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жиналғандарды құттықтады:

— 1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке әрқайсымыз үшін де қастерлі. Бейбітшілік, тұрақтылық, ұлтаралық татулық – біздің мемлекеттігіміздің іргетасы, біздің байлығымыз. Бұл ел Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының басты бағыты. Осы таңдаған жолымыздың нәтижесінде Қазақстан бүгінде өсіп, өркендеп, әлемдік қауымдастықта зор беделге ие болып отыр. Бірлігімізді сақтауға, этникааралық келісімді нығайтуға әрқайсымыз да үлес қосуымыз керек.

Талдықорғанда Бірлік күніне флешмоб ұйымдастырылды

Осы айтулы мерекеде сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын негізге ала отырып, тәуелсіз Қазақстанымыз гүлденіп, достығымыз нығая берсін. Бір шаңырақ астында ортақ Отанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!

Мұнан соң қала тұрғындары мен қонақтарына концерттік бағдарлама мен «Өнерім - өмірім» халықаралық фестивалінің гала-концерті ұсынылды. Сонымен қатар талдықорғандықтар үшін сахнада осы күні Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Әли Оқапов пен Марат Ілиясов өнер көрсетті.


Алмас Сауданбай

Дереккөз baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға