Жаңалықтар

Талдықорғандағы Достық үйіне - 10 жыл

Талдықорғандағы Достық үйіне - 10 жыл
01.11.2018 11:33 2166

Талдықорғанда Достық үйінің 10 жылдық мерейтойына арналған мерекелік салтанатты шара өтті.

Шара барысында ҚР Президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылық меңгерушісінің орынбасары Назипа Шанаи және Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай ассамблея қызметін іске асыруға белсене қатысып жүрген Достық үйінің бір топ азаматын 10 жылдық мерейтойлық медалімен марапаттады.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Маңызды шараға ҚР Президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылық меңгерушісінің орынбасары Н. Шанаи, ҚР зиялы қауымы, республикамыздың Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарының «Қоғамдық келісім» КММ-нің төрағалары мен мүшелері, Аналар кеңесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени орталықтардың төрағалары мен белсенділері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының және «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері, республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға