Жаңалықтар

Талдықорғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция өтті

Талдықорғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция өтті
23.07.2019 16:23 4287

Талдықорғанда Қазақстан халқы Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті бірлесіп ұйымдастырған «Жетісу – адалдық алаңы» жобасының аясында «Адал бол» акциясы өтті.

Арнайы ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының басшысы Асқар Садықов арнайы дайындалған бейнеролик ұсынды.

Талдықорғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция өтті

Ол өз сөзінде жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу керектігін, оның барлығы жалпыға ортақ міндет екндігін атап өтті.

«Адал бол» акциясы аясында «Жаңғыру жолы» аймақтық штабы және еріктілер көшелерге, қоғамдық орындарға шығып, дайындаған флаер,  тақырыпты парақшыларды көпшілік жұртқа үлестірді.

Талдықорғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға