ТАЛДЫҚОРҒАНДА ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ
28.11.2018 12:40
1693
Талдықорғанның Достық үйінде Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «ҚР Тұңғыш Президенті» күніне арналған «Елім деп соққан жүрегі» атты VI дәстүрлі облыстық форум өтті.
«Елім деп соққан жүрегі» форум аясында патриоттық әндер орындалып, бәйге жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Музыкалық аспапта ойнап ән салу номинациясы бойынша: 1 орынды – Қапшағай қаласынан Саян Майнағашев, 2 орынды Жамбыл ауданынан Ғибадат Тұрғалиев, ал 3 орынды Көксу ауданынан Заманбек Болатбекұлы жеңіп алды.
Вокал номинациясы бойынша: 1 орынды Мәулеш Әбжапаров Кербұлақ ауданынан, 2 орынды Жарқын Рақымқаш Қарасай ауданынан, 3 орынды Жамбыл ауданынан Ануар Сембаев иеленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақ ғылымы өз қазанында қайнап жатпауы керек