Жаңалықтар

Талдықорғанда ҚХА Кеңесі өтті

Талдықорғанда ҚХА Кеңесі өтті
13.10.2018 09:00 1800

Талдықорғанда Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» халыққа Жолдауын талқылау мақсатында жалпыреспубликалық Бірыңғай күні аясында облыстық  Қазақстан халқы ассамблеясының  Кеңесі өтті.

Оның отырысына Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері, жетекші журналистер клубы, ҚХА кафедрасы, этномәдени орталықтары, Қоғамдық келісім, Аналар кеңестерінің төрағалары, «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашовтың қатысуымен Елбасының Жолдауы талқыланды.

Дөңгелек үстел барысында облыстық «Күміс тамыр» этномәдени орталығының жетекшісі Л. Мазова, грек қоғамдастығының белсенді мүшесі Н. Тифансиди, Жамбыл аудандық татар этномәдени орталығының жетекшісі Э. Юлдабаевтар Жолдаудағы білім саласына қатысты мәселелерге тоқталса, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі З. Кузиев агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің, заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тарту бойынша шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын қолдана отырып, келер жылы жүгері алқаптарының көлемін кеңейтетінін айтты.

«Жаңғыру жолы» РЖҚ жетекшісі Р. Усанова 2019 жыл  Жастар жылы деп жариялануы - мемлекет тарапынан жастарға көрсетілген қолдау деп қабылдап, алғысын білдірді.

Сондай-ақ, әзірбайжан этномәдени орталығының жетекшісі А. Осман, «Ахыска» облыстық түрік этномәдени орталығының жетекшісі Ш. Асиев Жолдаудың өз мезгілінде жарияланып, халықтың әлеуметтік қолдауға мұқтаж адамдарға көрсетілген үлкен қамқорлық екенін атап өтті. Сондықтан да халық арасында қолдау тапқандығына тоқталып, Президент жолдауын жүзеге асыру бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарына қатысатындықтарын айтты.

Жалпыреспубликалық бірыңғай күн аясында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  бойынша «Жомарт жүрек» сыйлығының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға