Талдықорғанда I вокалды-хореографиялық байқау өтті
Талдықорғандағы Оқушылар сарайында «Бірлігіміз жарасқан» форумы аясында облыстық «Өз елім» I вокалды-хореографиялық байқау өтті.
Оған Алматы облысының аудандары мен қалаларынан 26 әнші мен 7 би ансамблі, барлығы 120 үміткер қатысты.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, байқаудың басты мақсаты Жетісу өңіріндегі жас дарынды әншілер мен бишілердің шығармашылығына қолдау көрсету болып табылады.
2 күнге созылған өнер жарысы бүгін өз мәресіне жетті. Іріктеу кезеңі 24 шілдеде Достық үйінде өтті. Бұл вокал мен хореографияны біріктіріп ұйымдастырылып отырған алғашқы байқау.
Қазылар алқасының қатарында өнер қайраткерлері, облыстық мәдениет басқармасының қызметкерлері және ҚР еңбек сіңірген әртістер бар.
Қазылар алқасының шешімімен «Хореография» номинациясы бойынша Бас жүлдені Талдықорған қаласынан «Ачимноуль» халықтық би ансамблі иеленсе, «Вокал» номинациясы бойынша Бас жүлде Қаратал ауданынан Гүлжан Мырзагелдіге бұйырды.