Жаңалықтар

Талдықорғанда этножурналистика саласындағы журналистер байқауының жеңімпаздары анықталды

Талдықорғанда этножурналистика саласындағы журналистер байқауының жеңімпаздары анықталды
20.09.2018 12:30 1978

 

Талдықорған қаласында этножурналистика саласындағы журналистер арасында өткізілген облыстық байқаудың жеңімпаздары марапатталдыү

 Талдықорған қаласының «Тіл сарайында» Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы «ШАҢЫРАҚ» шығармашылық байқауын қорытындылауға арналған облыстық жетекші журналистер мен сарапшылар клубының отырысы өтті.

Шараға жетекші журналистер  клубы, ЭМБ-нің төрағалары мен мүшелері, аудан мен қала газеттерінің бас редакторлары, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. 

Сөз сөйлегендер облыстық «Огни Алатау» газетінің редакторы, облыстық ҚХА жанындағы Жетекші журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы - Идигов Атсалим Саламович елімізде әртүрлі этнос және конфессия өкілдері тұрады, сол себептен олардың өзара ықпалдасуы, достық, этносаралық татулық пен этностардың әлеуметтік, мәдени дамуы туралы БАҚ-та жариялау - қоғамның топтасуына, тұрақтылық пен келісімнің орнығуына сөзсіз септігін тигізетінін айтты.

Алдын ала жарияланған Ережеге сәйкес, байқауға 24 үміткер қатысты. Облыстық іріктеу комиссиясының шешіміне сәйкес үздіктер қатарынан қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірліктің қазақстандық моделінің мәнін ашуға арналған талдамалық материалы үшін «Қарқара» газетінің тілшісі Қанат Біржансал, Ассамблея қызметінің жаңа бағыттары мен жобаларын ашып көрсететін үздік материалы үшін «Хабар24» арнасының Алматы облысындағы меншікті тілшісі Ардақ Қысаев, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған үздік материалы үшін «Қазақстан» телеарнасының Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі Қуаныш Серікқанов, мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолданылу аясын кеңейту мәселесіне арналған үздік материалы үшін Алматы облыстық «Алатау» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Лина Айдын, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ ақпаратты берудің жаңа әдістерін қолдана отырып (вайнерлер, блогерлер) қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік  саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіруге арналған үздік материалы үшін «Bnews.kz» республикалық ақпараттық агенттігінің  Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі Хасан Еспанов, «Астана: татулық пен келісімнің 20 жылы» тақырыбына арналған үздік материалы үшін «Қаратал» газетінің бас редакторы Асхат Өмірбаев арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

                                                                                             

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға