Жаңалықтар

Талдықорғанда «Ел бірлігі – Рухани қазына» атты конференциясы өтті

Талдықорғанда «Ел бірлігі – Рухани қазына» атты конференциясы өтті
25.07.2018 03:23 2148

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Алматы облыстық ҚХА, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы», «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» ҚБ Талдықорған аймақтық филиалының ұйымдастыруымен  «Ел бірлігі – Рухани қазына» атты конференциясы өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтерілген. Бұл ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол. Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн.

Жиында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Сәуле Сұрабалдинова төрағалық етті.

Шараға ҚР Парламент Мәжілісі VI шақырылымының депутаты Роман Ким, Корей Республикасының бас консулы Чжон-Сын-Мин, «Қазақстан корейлерінің қауымдастығы» ЗТБ-ң Президенті Сергей Огай, Орталық Азия консультативтік кеңесінің төрағасы Ли Дже Ван, «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» ҚБ Талдықорған аймақтық филиалының төрағасы Владимир Ли, корей этномәдени орталығының белсенділері, аналар кеңесі және қоғамдық кеңесінің төрағалары, этномәдени орталықтардың мүшелері, Алматы облысы ҚХА, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында «Рухани жаңғыру» атты қысқаметражды фильм көрсетіліп, «Тхоныль» қорының медалімен марапаттау рәсімі өтті.

Конференцияның соңында корей орталығы және Талдықорған қалалық көпсалалы емханасы мен Хендэ емханасы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға