instagram.com/talasbekasemkulov_alemi

«Таласбек» сыйлығының ережесі жарияланды

03.06.2025 11:02

Қазақ өнері мен мәдениетінде өзіндік қолтаңбасы бар күйші, жазушы Таласбек Әсемқұлов атындағы байқаудың ережесі жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

«ТАЛАСБЕК» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. Бір қаламгер өмірінде тек бір рет «Таласбек» сыйлығының иегері атана алады.
  2. «Таласбек» сыйлығы «Үздік әдеби туынды» және «Таласбектану» сынды екі аталым бойынша беріледі.
  3. «Таласбек» сыйлығына қаламгерлер өзін ұсына алады немесе сол жылы жарияланған шығармалар ішінен ұйымдастырушылар өздері таңдауы да мүмкін.
  4. Қаламгерлерге жас шектемесі жоқ.
  5. Автордың тұрғылықты мекенжайына, азаматтығына, шығармашылық одақтардағы мүшелігіне ешқандай шектеу қойылмайды.
  6. Шығарманың жанрына, көлеміне ешқандай шеткеу қойылмайды.
  7. «Таласбек» сыйлығына шығармаларды қабылдау, іріктеу әр жылы 1 наурызда басталып, 1 тамызда аяқталады. 7 тамызда сыйлықтың қысқа тізіміне (шорт лист) енген шығармалар жарияланады.
  8. Сыйлықтың қорытындысы әр жылы 23 қыркүйекте шығарылады.
  9. Қысқа тізімге енген шығармалар Otuken.kz сайтына жарияланады.
  10. Автордың сыйлықты алудағы басты артықшылығы немесе шығарманың сыйлық алу себебі жария етіледі.
  11. Қазылардың басым бөлігінің дауысын алған автор сыйлықты еншілейді. Шешім қайта қаралмайды.
  12. «Үздік әдеби туынды» аталымына шығармалар тек қазақ тілінде қабылданады. «Таласбектану» атылымына тіл шектемесі жоқ.
  13. Сыйлыққа қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
  14. Сыйлыққа ұсынылатын шығармалар talasbekaward@gmail.com электронды поштасына жолдануы қажет.