Жаңалықтар

Таланттарды танытқан байқау

«Азия жаңғырығы» фестивалі
11.07.2016 03:21 6095

Күні кеше барша қазақ халқы еліміздің жүрегі – ажарлы Астанамыздың 18 жылдығын дүркіретіп тойлады. Қала күнін мерекелеу аясында елорда төрінде сан түрлі қызықты, мәдени-танымдық, әдеби сондай-ақ спорттық  шаралар өтті. Әсіресе қала қонақтары мен кішкентай бүлдіршіндерді үлкен қуанышқа бөлеген – «Азия жаңғырығы» ІХ халықаралық цирк өнері фестивалі биыл жоғары деңгейде өтті.

Елорданың рухани байрағына айналған «Азия жаңғырығы» цирк өнері фестивалі 2 шілдеде шымылдығын ашты. 7 шілдеге дейін жалғасқан ауқымды мәдени шарада әлемнің 8 елінен келген майталман әртістер өнерлерін ортаға салды. Биылғы фестивальдің ерекшелігі –  көрермен назарына бұрын-соңды қойылмаған ерекше нөмірлердің  ұсынылуында.

Таланттарды танытқан байқау

Шашасына шаң жұқтырмайтын жүйріктерді іріктеген өнер додасына кімдер қандай тосынсыйлар алып келді? Бір саралап алайық:

Биыл бас шаһарда тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған фестивальға Беларусь елінен келген Беларуссия мемлекеттік циркінің әртістері Надежда Красовская мен Сергей Причинич қолға үйретілген аюлар мен маймылдардың ойынын көрсетті. Новокузнецк қаласынан арнайы келген ресейлік өнерпаздар Роман Гормаш пен қойылымның жетекшісі Забелкина Инна көрермендерді Бони атты мүйізтұмсықтың өнерімен тәнті етті.  

Таланттарды танытқан байқау

Таланттарды танытқан байқау

Астананың туған күніне сонау ып-ыстық Африка жерінен ат терлетіп келген  экзотикалық жануар – Багира есімді керік  аренада вальс билеп, залдағы көрермендердің көңілін аулады. Төрт аяқты әртістер цирк сахнасында көрермендерге аяғын бүгіп, ыстық ілтипатын да білдірді. Бұл аздай, Багира керік цирк тамашалауға келген сұлулардың бетінен сүйіп, тілімен сипап, шаштарын да жөндеп берді. Биіктігі 7 метерден асатын экзотикалық алып, таңғажайып жануар осылайша астаналық көрермендерді еріксіз таңқалдырып, ұмытылмас әсерге бөледі.

Таланттарды танытқан байқау

Ал, сонау Эфиопияның Адис-Абеба қаласынан келген өнерпаздар Kebebew Ashenefi Kebede пен Tola Bruke Dejene «Икар ойындары» атты акробатикалық нөмірмен ерекшеленді. Серігін аса  үлкен шеберлікпен допша шыр көбелек айналдырып, түрлі трюктар жасаған әртістердің өнеріне тәнті болмаған жан кемде-кем болды.

Таланттарды танытқан байқау

Аталмыш әртістердің өнері туралы әділ қазылардың мүшесі Бакинск мемлекеттік циркінің директоры Мир Вагиф Багирзаде былай дейді: «Биылғы фестивальде акробатикалық жанр бойынша өнер көрсеткен әртістердің бәрі жоғары деңгейден көріне алды. Мен тұңғыш рет Эиопиядан келген өнерпаздармен таныстым. Маған олардың қойылымы, әртістік шеберлігі өте ұнады».

Сондай-ақ елордаға сонау Нидерланд патшалығынан келген өнерпаз Betrian Michael-дің  «Диаболомен ойнау»  атты қойылымы өте кереемет өтті. Өзгеге ұқсамайтын ерекше өнер түрін меңгерген жас жігіт ептілігімен, шапшаңдығымен көзге түсті.

Таланттарды танытқан байқау

Көрермендерді ерекше өнерімен баураған сұлу – Түркіменстаннан келген 21 жасар Селви Шихиева «Мата» атты әуде қалықтап орындайтын қойылымымен көпшіліктің ықыласына бөленді. Көркемдік жетекшісі Байрамдурдуев Пыгы.  

Таланттарды танытқан байқау

«Азия жаңғырығы» фестиваліне Бішкек қаласынан келген Чинара Мадимкулова «Садақшы» қойылымын ұсынды. Мың бұралған мерген қыз  аспанда қалықтап тұрып оқ атса да, межеге дәл тигізе алатындығымен тіпті көзін байласа да оқты тиісті орынға дәл қадап ататындығымен ерекшеленді.  Жетекшісі  Жапаркул Шамырова.

Таланттарды танытқан байқау

Көрермендердің қошеметіне бөленген келесі өнерпаздар – Мәскеу қаласынан келген Маркиндер отбасы болды. Эквилибристер қауіпті әрі өте қызықты қойылым тарту етті. Маркиндер отбасы өз саласының рекордсмендері екенін айта кеткен жөн. Топ құрамында Маркин Роман, әйелі Маркина Елена және ұлы Маркин Дмитрий өнер көрсетті. Роман төбесіне ұзын тіреуішті қойып, оған алдымен Елена өрмелейді сосын жоғарыға Дмитрий көтерілді. Екі адамның салмағын тек төбеге қойылған тіреуіш арқылы ұстап тұру – асқан шеберлік пен ептілікті қажет етері анық. Баланс сақтап тұруды айтсаңызшы. Жоғарыдағы екеу биікте түрлі қозғалыстармен қатар шыр көбелек айналып қиын трюктар орындады.

Таланттарды танытқан байқау  

Келесі бір ерекше қойылым – Монғолияның Улан-Батыр қаласынан келген Сарнай Хатанбаатардың нөмірі болды. Моноциклдің құлағында ойнайтын жас қыз билеп жүріп, табақшаларды басына лақтырып кигізіп, соңында шәйнегін де табақшалардың ішіне шеберлікпен орналастырды.

Таланттарды танытқан байқау

Астаналық цирк сахнасында әсіресе кішкентай көреремендің көңілінен шыққан келесі кейіпкерлер – мәскеулік Сарнацкая Лада мен Сарнацкий Александр есімді сайқымазақтар болды. Әр нөмірдің ортасында сахнаға шығып, балалардың арасында түрлі ойындар ойнатқан екі өнерпаздың қылығына бүлдіршіндер еріксіз сүйсініп, күлкіге қарық болды. «Долли мен Домино» атты қойылым тіпті ересектерге де қатты ұнағаны соншалық олар да ойындарға белсенді қатысып отырды.  

Таланттарды танытқан байқау

Әуелі меймандардың өнері туралы сөз қозғағанымыз отандық өнерпаздар олардан осал деген сөз емес. Қашан да қонағын сыйлаған дәстүрімізге сай алдымен, бас шаһардың тойына алыстан келген қонақтарымызды таныстырған дұрыс деп шештік. Енді өзіміздің өнер тарландарымыз жайлы тоқталып өтейік.

«Азия жаңғырығы» ІХ халықаралық цирк өнері фестивалінде бас жүлдені жеңіп алған 19 жасар өнерпаз Назерке Мерекеқызы мен Ека Қоңырбаева «Штейн-трапе» атты акробатикалық нөмір ұсынды. Қойылымның ерекшелігі – бұрын-соңды әуеде дәл осы трюкты (екі жақты копштейн) ешкім орындаған емес деседі. Көркемдік жетекшісі Ержан Қоңырбаев.

Таланттарды танытқан байқау

Серік Бурашевтің жетекшілігімен өмірге келген алматылық жастардың акробатикалық жанрдағы «Аспан тынысы» атты қойылымы көпшіліктің таңдайын қақтырды. Нағыз замануи стильдегі ерекше қойылым жаңашылдығымен айырықша. Түрлі трюктар жасау барасында өнерпаздар әуеде қалықтап, шыр көбелек айналып фестивальдің көрігін қыздыра түсті.  

Таланттарды танытқан байқау

Шырайлы Шымкенттен келген жігіттер елімізде арқанмен жүру бойынша өнер көрсетті. Ағайынды Сұраншиевтер Шавкат пен Шухрат жетекшілік ететін ұжымның өнері өз алдына бір төбе. Топ құрамында өзге де Калипаева Мәдина, Көпбаев Абылайхан, Абуов Нұрбек есімді өнерпаздар өнер көрсетеді.

Таланттарды танытқан байқау

7 шілде күні «Азия жаңғырығы» ІХ халықаралық цирк өнері фестивалі қортыныдыланып, жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.

Сонымен «Цирк өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» фестивальдің гран-при жүлдесін астаналық өнерпаздар Назерке Мерекеқызы мен Ека Қоңырбаева қанжығалады.

Таланттарды танытқан байқау

– Мен Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің түлегемін, – дейді Назерке. – Оқуымды осы жылы тәмамдадым. Мен алғаш рет үлкен сахнада өнер көрсетіп, тұңғыш рет жеңімпаз атандым. «Штейн - трапенің» ерекшелгі балансты сақтай білуде. Қойылымда рекордық трюктар мен эксклюзивті трюктар бар. Рекордтық трюктің ішінде екі жақты копштейн деген әдіс бар, осы уақытқа дейін осы әдісті цирк сахнасында орындаған қыз балалар болған емес. Бұған қоса тамшылар атты әдісті де ешкім орындаған емес.

«Жоғары орындаушылық шеберлігі үшін» алтын жүлдені Бішкек қаласынан келген садақшы Чинара Мадимкулова, «Аспан тынысы» қойылымын қойған алматылық акробаттар ұжымы сондай-ақ ресейлік Маркиндер отбасы иеленді.  

Таланттарды танытқан байқау 

Роман Маркин, Ресей:

– Мен Қазақстанға алғаш рет келдім.  Астана бізге қатты ұнады. Әсіресе бізге жаңа цирк, ондағы мүмкіншілік пен жайлылық, көреремендердің қошеметі ұнады. Астана циркі замануи талаптарға сай жабдықталғандығымен мені өзіне тәнті етті. Мұндағы ауа баптағыштар, мінсіз манеж, жаттығу манежі тек шабытыңды шарықтатып,  жаттығуға деген ынтаңды арттырады екен. Астана – қандай ажарлы қала.   

Таланттарды танытқан байқау 

Таланттарды танытқан байқау

«Жоғары орындаушылық шеберлігі үшін» күміс жүлде Түркіменстаннан келген Селви Шахиеваға сондай-ақ «Аюлар мен иттер» және «Маймылдар» қойылымын тарту еткен беларуссиялық әртістер Сергей Причинич  пен Надежда Красовскийге, Оңтүстік цирк өнерпаздары арқанда жүру бойынша өнер көрсеткен әртістерге бұйырды.

Таланттарды танытқан байқау 

– Мен Түркіменстан мемлекеттік циркінің әртісімін, – дейді Селви. – Мен «Азия жаңғырығы» фестивалінде алғаш рет жеке өнер көрсеттім. Бұған дейін топ құрамында өнер көрсеткенмін. Біздің топ «Ганкыныш джигиті» деп аталады. Біз бұған дейін Мәскеуде өткен фестивальде гран-при ұтып алдық. 2014 жылы Италияда өткен халықаралық жарыста  алтын жүлде иемдендік сондай-ақ 2015 жылы Қытайда өткен жарыста да бас жүлдені жеңіп алдық.  Цирк өнеріне 17 жасымда келдім. 7 ай бұрын әуеде өнер көрсетуді меңгере бастадым.

Таланттарды танытқан байқау 

«Жоғары орындаушылық шеберлігі үшін» қола жүлдемен керік Багира мен Бони мүйізтұмсықты баптаған Инна Забелкина, Эфиопиялық өнерпаздар Ashenefi  Kebede, Tola Bruke Dejene, сондай-ақ голландиялық Betrian Michael марапатталды.  

Таланттарды танытқан байқау 

Бұдан өзге «Көрермен көзайымы» және «Жаңашылдығы үшін» атты арнайы сыйлықпен «Долли мен Домино» атты сайқымазақтар нөмірін қойған Александра мен Лада Сарнацкийлер марапатталды.    

Таланттарды танытқан байқау 

«Оңтүстік цирктің» бас директоры Арман Алиевтің арнайы сыйлығын эфиопиялық өнерпаздар жүлделесе, Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Н.Боқыбаевтың арнайы сыйлығ «Мата» қойылымын шебер орындаған Селви Шихиеваға бұйырды.   

Таланттарды танытқан байқау 

Түркімен циркінің директоры А.Иламановтың арнайы сыйлығын Надежда Красовская қанжығаласа, Венгер циркінің директоры П.Фекеттің арнайы марапатын «Аспан тынысы» қойылымын қойған қазақстандық акробаттар иеленді.

Таланттарды танытқан байқау  

Таланттарды танытқан байқау

Таланттарды танытқан байқау

Ал, Бакинск мемлекеттік циркінің директоры Мир Вагиф Багирзаденің арнайы сыйлығын «Штейн-трапе» қойылымын шебер сомдаған Назерке Қоңырбаева мен Ека Қоңырбаева қанжығасына байлады.

Таланттарды танытқан байқау 

Таланттарды танытқан байқау

Таланттарды танытқан байқау

Осылайша 6 күнге жалғасқан айтулы шара өз мәресіне жетті. Талайларға ұмытылмас әсер сыйлап, экзотикалық аңдардың өнері мен ерекше мамандықты серік еткен ғажап әртістердің өнерін бағаулаға мүмкіндік сыйлады.

Таланттарды танытқан байқау

Таланттарды танытқан байқау

Дүниежүзі зерттеушілердің мәліметі бойынша экономикалық жағынан дамыған Жапон елінде дәл біздікіндей цирк мектебі жоқ көрінеді. Бүгінгі күні Қазақстанда небәрі үш цирк жұмыс істейді. Олардың бірі Алматыда, екіншісі Қарағандыда болса, үшіншісі Астанадағы цирк. Осындай «Азия жаңғырығы» сынды талай таланттардың жаңа есімдерін ашып, өнерлерін паш ететін дүбірлі дода Астанамыздың атын аспандата берері анық.


Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Суреттердің авторы Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға