Жаңалықтар

Талант тас жарады

Мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының ХІ Республикалық фестивалі
31.05.2016 11:29 5650

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі «ВІ Жұлдызай» қайырымдылық корпоративтік қорымен бірлесіп «Шығармашылық шексіздігі» атты көрме ұйымдастырды. Шара Балаларды қорғау күніне арналып отыр. Көрме аясында ұйымдастырылған шеберлік-сағаттары мен «ВІ Жұлдызай» қорының мүмкіндігі шектеулі балалардың  шығармашылығына арналған ХІ Республикалық фестивалдінде «бейнелеу өнері» және «сәндік қолданбалы өнер» номинациясы бойынша топ жарған жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Талант тас жарады

«ВІ Жұлдызай» қорының балалар шығармашылығының Республикалық фестивалі Қазақстанның барлық аймағынан жиналған балаларды біріктірді. Фестивальдің негізгі мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі балалардың шығармашылығын қолдау болып табылады.

 Талант тас жарады

Осымен 11-ші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан фестивальге жалпы саны 35 583 бала қатысқан. Фестиваль түлектері Bala Tukvisyon конкурсына, Белая Трость фестиваліне, МУЗ-ТВ 2015 премиясына қатысуға және Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің студенті атану мүмкіндігіне ие болды. Жыл сайын фестиваль Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің және облыстық, қалалық Мәдениет басқармаларының қолдауымен өткізіледі.

Талант тас жарады

Алтынай Танирбергенова, «ВІ Жұлдызай» корпоративтік қайырымдылық қоры директорының орынбасары:

— Бұл керемет туындылар. Өйткені, бұл жұмыстарды мүмкіндігі шектеулі балалар жасаған. Болашақта бұл балалардың көбі дизайнер болып жатады. Фестиваль олар үшін шығармашылық әлемге ашылған есік секілді. Біздің де көздеген мақсатымыз сол. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған бүлдіршіндер фестиваль аясында жеті күн бойы бірге болып, бір-бірінің жұмыстарын көріп шабыт алады.   

Талант тас жарады

Республикалық фестивальдің алғашқы іріктеу кезеңі 5-сі мен 20 сәуір аралығында еліміздің 16 қаласында өткізілді. Қазылар алқасы қатысушылардың таланттарын алты номинация бойынша бағалады: «хореография», «вокалдық орындау», «аспапты орындау», «өлеңді ымдап орындау», «сәндік-қолданбалы өнер», «бейнелеу өнері». Балалар шығармашылығына арналған республикалық конкурс дәстүрлі түрде 1 маусым – Балаларды қорғау күнінде, «Қазақстан» Орталық концерт залында өтетін кең көлемдегі гала-концертпен аяқталады.

Талант тас жарады

Камила Садырғажы, бірінші дәрежелі диплом иегері:

— Бұл мен үшін таңғажайып күн. Сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Екінші, үшінші орын алған балалардың жұмыстарын көргенде «мен ешқандай орынға ілікпеген шығармын» - деп ойлаған болатынмын. Бірінші орын алғанымды естіген кезде қуанышымда шек болмады. Бағалы сыйлықтар да қатты қуантты. Фестивальге қатысқан барлық бала жеңіске лайық болды деп есептеймін. Мұндай іс-шара келесі жылы да жалғасын табады деген ойдамын.

Талант тас жарады

Музей алаңында, Қазақстанның барлық түкпір-түкпірінен «бейнелеу өнері» және «сәндік-қолданбалы өнер» номинациялары бойынша жиналатын фестивальдің жеңімпаздарына, Астана қаласының ЮНЕСКО клубы – Балалар көркемөнер мектебінің тәжірибелі оқытушылары шеберлік сағаттарын өткізіп, жас таланттарға қолдау білдірді.


Рустем ӘЛПИ

Суреттерді түсірген — Нұрбек Әлманбетов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға