Жаңалықтар

Такси жүргізушісін «зорлады» деп айыптаған әйел айыппұлмен құтылды

Такси жүргізушісін «зорлады» деп айыптаған әйел айыппұлмен құтылды
Фото: видеодан кадр 31.01.2024 12:13 4359

Қостанайда әйелдің таксиде шу шығарып, жүргізуші зорлық көрсетіп жатыр деген видеосы тараған еді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылдың 24 желтоқсанында Қостанай полициясына тұрғын хабарласып, такси жүргізушісі екеуі арасында жанжал туындағанын хабарлаған. Қыздың полицияға жүгінуіне жанжал себеп болған. Такси жүргізушісі қыздың нақты тұрған жеріне емес, мобильді қосымшада көрсетілген мекенжайға келген-мыс.

Алайда полицияның мәліметінше, әйелдің жазықсыз жүргізушіге жала жауып жатқаны әшкере болған. 

«Қол жүгіртті» деп құзырлы органға көрінеу жалған қоңырау шалғаны үшін жауапқа тартылған қостанайлық тұрғын құқық бұзушылық үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл арқалады. Айыппұл сомасы 110 760 теңге.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға