Такси жүргізушілеріне мобильді аударымның әсері қандай? Біржанов жауап берді
«Яндекс» компаниясы көп жылдан бері Қазақстанда салық төлейді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Яндекс такси салық төлей ме? Себебі, компания такси таксистерден 24 пайыз салық ұстайды. Қазір көптеген такси жүргізушілердің аударымдары айына 100-ден артық болады. Сонда өзінің табысынан екі мәрте айырылып отыр деген сөз емес пе?» деген тілшінің сауалына вице-министр бүгінгі таңда «Яндекс» компаниясы елімізде салық тіркеуші ретінде тіркелгенін, көп жылдан бері салық төлеп келе жатқанын атап өтті.
Біз тек қана яндексті ғана емес, басқа да компанияларды қадағалап, мониторинг жасап отырмыз. БАҚ-да жүрген 24 пайыз деген сөз дұрыс емес. Біз оны қадағалап отырмыз. Бұл жерде олар тек қана өзінің комиссиясы бойынша салық салуға табысты көрсетеді. Сондықтан өздерінің табысы бойынша олар құн салығын төлейді. Ал қалған сома бойынша таксистер өздері көрсетуі тиіс, – деді Ержан Біржанов.
Сондай-ақ, ведомства басшысы салық салуда ауыртпашылық жасау ойда жоқ екенін және қосымша салық өндіріп алу деген мақсатты көздеп отырмағанын жеткізді.
Салық төлеуші тіркеуде тұруын және заңды сақтау тұрғысынан айтып отырмыз. Барлығы бірдей салық төлемейді. Ал салық – біздің болашағымыз және қорымыз. Әлеуметтік шығындардың бәрін төлеуіміз керек. Бұл жерде базардағы азаматтарды бөлек салықтан босату деген сұрақты көтеріп жатқамыз жоқ. Бір жердегі салық төлеушілерді босатсақ, екінші жердегі салық төлеушілерді босатпаймыз. Бұл дұрыс емес. Бәріміз бірдей тең алаңда жұмыс істеуіміз қажет. Заңды сақтауы тиіс, – деді қаржы вице-министрі.