Тәкен Әлімқұлов – интеллектуал тұлғалар галлереясын жасаған жазушы
«Әдетте «батыр» ұғымын батырлықты ғана білетін, алысқа ой тастамай, соғыстың стратегиясын ғана білетін тұлға ретінде қабылдаймыз. Ал жазушы Тәкен Әлімқұлов – Махамбетті батырлығымен бірге интеллектуал тұлға ретінде таныстырған бірегей қаламгер». Бұл – белгілі ақын Есей Жеңісұлының «Ұлт оқитын 100 кітап» YouTube жобасында айтқан пікірі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» романындағы Махамбет бейнесі мен Махамбеттің өзінің «Мен – мен едім, мен едім» бейнесі керемет қабысқан. Мұндағы басты ерекшелік – Махамбеттің өзімен өзі қалғандағы арпалысын жақсы суреттегендігі. Ішкі күйзелісі, жүректе қалып кеткен қалтарыс-бұлтарыс сезім мен ойларды қаламгер Махамбетің монологімен шығарудың үлгісін шебер жазып шыққан. Сондықтан Тәкен Әлімқұлов – тұлғалар галереясын қазақ әдебиетінде қалыптастырған қаламгер. Шіркін, ғасыр басында «Алаш» тұлғаларын Тәкенше ашып берген болса, керемет галерея болар еді! - деген пікір айтты Есей Жеңісұлы.
«Ұлт оқитын 100 кітап» YouTube жобасындағы осы тектес ойлар туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы қарауға болады.

