Жаңалықтар

«Тағзым» мемориалында мұңлы әуен ойнап тұрсын деген ұсыныс білдірдім – Смағұл Елубай

Жазушы Смағұл Елубаев өзінің алған әсерімен бөлісті
«Тағзым» мемориалында мұңлы әуен ойнап тұрсын деген ұсыныс білдірдім – Смағұл Елубай
Фото: egemen.kz 23.12.2022 18:48 2768

Мемлекет басшысы Алматыда Қаңтар оқиғасының эпицентрі болған жерде «Тағзым» мемориалын орнатты. Мемориал қаңтар құрбандарының рухын бағыштап тағзым ететін және еске алатын, сондай-ақ халқымыздың даналығын, батылдығы мен күш-қуатын көрсететін орынға айналады. Мемориалдың ашылу рәсіміне өнер қайраткерлері мен саясаткерлер қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Мемориалды таныстыру жобасының отырысына қатысқан қазақтың жазушысы  Смағұл Елубаев өзінің естеліктен алған әсерімен бөлісті.

«Тағзым» мемориалы ақ пен қара тастан салынғанын байқауға болады. Тастардың бетінде қазақ даналарының даналық сөздері мен ой-толғаулары жазылған. Абайдан бастап нақыл сөздерінің тізбесі бар. Мемориал ұзыннан ұзаққа созылып жатыр. Мемориалдың ортасында қара тастан соғылған кішкентай бассейнге су толтырылған. Бұл дегеніміз Қаңтар оқиғасы орын алған кездегі адамдардың көз жасы, қайғы мен қасіретін, мұңын көрсететінінің белгісі. Әр бұрышы оқиға мен қайғыға толы, астары бар естелік», – деді Смағұл Елубай.

Осы тұста мемориалда орналасқан бассейннің жанына мұңлы әуен ойнап тұрғаны дұрыс деп өз ұсынысын білдірген. Бұл ұсыныс алдағы уақытта іске асырылуы мүмкін екенін айтты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға