Тағы да жол апаты: Астанада бірнеше жүргізуші зардап шекті
21.09.2025 18:01
Фото:
©El.kz
Елордада түнде болған жол апатында бірнеше жүргізуші мен жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
21 қыркүйекке қараған түні Астанада Керей Жәнібек хандар көшесі мен Сауран көшесінің қиылысында үш көлік қатысқан жол апаты болды.
Полиция дерегінше, Geely автокөлігінің жүргізушісі жолақ ауыстырмақ болған сәтте алдындағы Toyota көлігіне соқтығысқан. Одан кейін ол қызыл жарыққа өтіп, қиылыста тұрған Chevrolet көлігіне соғылған.
Қатты соққыдан Chevrolet жарық шам тірегіне және қоршауға соғылды.
Апат салдарынан Geely мен Chevrolet көліктерінің жүргізушілері мен жолаушылары түрлі жарақаттар алды. Олар дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, Chevrolet жүргізушісі қосымша тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

