Тағы да өрт. Қызылордада қураған шөп өртеніп, қаланың бірқатар бөлігін түтін басты
12.06.2023 17:45
Фото:
El.kz
Қызылордада қураған шөптің өртенуі салдарынан қаланың бірқатар бөлігін түтін басып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сағат 14.50-де хабарлама келіп түсті.
Онда Наурыз саяжайы тұсындағы Шіркейлі каналының жиегінде қураған шөптің жанып жатқаны жөнінде айтылған. Қазіргі таңда оқиға басында мамандар 4 техникамен өртті сөндіруге күш салып жатыр. Сондай-ақ, оқиға орнында орман шаруашылығы саласының мамандары бар, - деп мәлімдеді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

