Тағы бір жер сілкінісі тіркелді

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
28.03.2025 11:25
742
Қазақстандық сейсмологтар 28 наурыз күні таңертең бірнеше сағат ішінде екінші жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылғы 28 наурызда Астана уақыты бойынша 6:17-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды.
Магнитудасы mpv=4.4. Энергетикалық класы K=9.9.
Бұған дейін Жамбыл облысының аудандары мен Тараз қаласында жер сілкінісі болып, салдарынан бірқатар ғимараттың қабырғасы жарылғаны туралы жазғанбыз.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ұлыбритания королі ІІІ Карл ауруханаға түсіп қалды