GOV.kz

Тағы бір қазақстандық боксшы допинг дауына ілікті

2023 жылғы әлем чемпионатының финалисі Дулат Бекбауов антидопинг ережелерін бұзғаны үшін екі жылға жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл ақпаратты Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) растады. Агенттік Халықаралық олимпиадалық комитетінің құрылымына кіреді.

Спортшы бір жыл ішінде үш рет допинг-қызметкерлеріне өзінің нақты орналасқан жері туралы мәлімет бермеген. Мұндай әрекет тесттен бас тарту немесе сынамадан жалтару ретінде саналатындықтан, жазасыз қалмайды.

Бекбауовтың дисквалификациясы 2025 жылдың 18 қарашасынан басталып, 2027 жылдың 17 қарашасына дейін созылады. Оның биылғы барлық нәтижелері толықтай күшін жойды. Алайда Бекбауов екі жыл аралығында ірі  жарыстарға қатыспаған еді.

Айта кетерлігі, бұл тыйым тек әуесқой боксқа қатысты. Ал Дулат шілде айында кәсіпқой рингте алғашқы жекпе-жегін өткізген болатын.

Бұған дейін, Жәнібек Әлімханұлының дәл осы допинг дауына қатысты VADA ұйымына ресми сұрау жолдаған еді.