instagram.com/kymbatdoszhan

"Тағы бір әйел ДНҚ тапсырды". Еуропалық қазақ баланың анасын іздеу жалғасып жатыр

07.01.2024 10:37

«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан тағы бір болжамды ананың табылғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеу жұмысы барысында «Бармысың, бауырым?» редакциясы тағы бір келіншектен ДНҚ сынамасын алды. Болжамды ана - Айгүл, - деп жазды Қымбат Досжан Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Қымбат Досжан  2002 жылғы қаңтарда Арқалыққа басқа жақтан барып босанған әйел табылғанын, алайда ол Жәнібектің анасы емес екенін жазған еді.